Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын қазақ балуандары анықталды
Опубликовано:
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бапкерлік штабы Албанияның Тиран қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
21-27 қазан күндері Албанияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын 10 спортшы қорғайды.
- Ербол Қамалиев (55 келіге дейінгі салмақта);
- Досжан Өтепқалиев (60 келіге дейінгі салмақта);
- Нұрсұлтан Базарбаев (63 келіге дейінгі салмақта);
- Дінмұхаммед Қошқар (67 келіге дейінгі салмақта);
- Мерей Мәулітханов (72 келіге дейінгі салмақта);
- Темірлан Қаратай (77 келіге дейінгі салмақта);
- Альмир Төлебаев (82 келіге дейінгі салмақта);
- Бағлан Қуаныш (87 келіге дейінгі салмақта);
- Ерзат Ерланов (97 келіге дейінгі салмақта);
- Асылбек Әбдіхалық (130 келіге дейінгі салмақта).
Еске салайық, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан командасының өкілі Азат Күмісбай Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль еншілеген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2172094-grek-rim-kuresinen-alem-chempionatyna-qatysatyn-qazaq-baluandary-anyqtaldy/