Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен жастар арасындағы (U23) әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Албания астанасы Тиранада өткен турнирде Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақта сынға түсті.
Ризабек Айтмұхан финалда ирандық Махди Хажилуянмен кездесіп, 11:6 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша 20 жастағы қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан өз мансабында үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.
Бұған дейін Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.
Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын.
Айта кетейік, Албанияда өткен күрестен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2179262-rizabek-aitmuhan-ushinshi-alem-chempionatynda-zhengimpaz-atandy/