jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ризабек Айтмұхан үшінші мәрте әлем чемпионы атанды (видео)

    Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан
    Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

    Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен жастар арасындағы (U23) әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Албания астанасы Тиранада өткен турнирде Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақта сынға түсті.

    Ризабек Айтмұхан финалда ирандық Махди Хажилуянмен кездесіп, 11:6 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша 20 жастағы қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан өз мансабында үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

    Бұған дейін Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

    Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын.

    Айта кетейік, Албанияда өткен күрестен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені салды.

    Ризабек Айтмұхан үшінші мәрте әлем чемпионы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.