jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановты қазақстандықтар қалай күтіп алды (видео)

    Нұрқожа Қайпанов
    Нұрқожа Қайпанов. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

    Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпанов елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Спортшыны Алматы халықаралық әуежайында ата-анасы, жұбайы, жақындары мен жанкүйерлері ерекше құрметпен күтіп алған. Әлем чемпионын қарсы алушылар оны жеңісімен құттықтап, бауырсақ пен қымыздан дәм таттырды.

    Нұрқожа Қайпанов Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген еді. Ол еркін күрестен 70 кг салмақ дәрежесіндегі финалда жапон балуаны Ешиносуке Аоягиді 5:3 есебімен жеңді.

    Осылайша Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанған Қазақстандағы екінші балуан атанды. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді.

    2019 жылы Нұрқожа Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. Сондай-ақ ол екі дүркін Азия чемпионы.

    Еске салайық, Нұрқожа Қайпановтың спорттағы мансабы мен жетістіктері туралы жазғанбыз.

    Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановты қазақстандықтар қалай күтіп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.