Қырғызстандық балуан Айсұлу Тыныбекова Instagram желісіндегі ресми парақшасында өзінің ғашығы әрі болашақ жарының суретін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қырғызстанның танымал спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы Айсұлу Тыныбекова Instagram желісіндегі ресми парақшасында болашақ жарының суретін жариялап, әсерлі сөздер жазды.
"Бүгін мен сіздерге жеке өмірім туралы айтуға бел будым. Бұл – көпшілікті қызықтырып жүрген менің жолдасым туралы сұрақтар.
Мен әрқашан бақыт тыныштықты жақсы көреді деп сеніп, жеке өмірімді көпшілікке жария етпеуді жөн санайтынмын. Бірақ қазір өмірімнің жаңа парақтарын ашып, мені әлемдегі ең бақытты адам еткен жанды көрсететін уақыт келгенін сезіп отырмын.
Әрбір қыз бақытты болуға лайық. Менің отбасым – менің бақытым", - деп жазды Айсұлу Тыныбекова.
Айта кетейік, еркін күрес шебері Айсұлу Тыныбекова биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында 62 кг дейінгі салмақта сынға түсіп, қола медаль жеңіп алған. Ал 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада күміс медальді қанжығасына байлаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2201681-baqytty-etken-zhan-tanymal-qyrgyz-baluany-aisulu-tynybekova-bolashaq-zharynyng-suretin-zhariialady/