RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы UFC шақыртуынан бас тартты

Жарияланған күні:

Сора Рахмонова
Сора Рахмонова. Фото: Instagram / sora_rakhmonova

Джиу-джитсудан жаттықтырушы, аралас жекпе-жек сарапшысы Нұрсұлтан Орынбасаров келіншегі Сора Рахмонованың UFC-ден шақырту алғанын айтты. Бұл туралы ол журналист Aqyrys Seitqazy-ның YouTube арнасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қыз баланың спортқа қатысуына қарсы емеспін. Өзім де бапкер ретінде қыз балаларды көп жаттықтырғанмын. Ал келіншегім Сараға қатысты айтар болсам, қазір біз отбасын құрдық. Әрі қарай мансабын жалғастыра ма, жоқ па, белгісіз. Екеуіміз үйленген соң, бір айдан кейін Сараға UFC-ден шақырту келді. Желтоқсан айында хабарласып, наурыз айында жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бірақ біз одан бас тарттық. Сара қазақ қыздары арасынан шыққан үш дүркін әлем чемпионы. Өзін мойындатқан.

Біраз досым UFC-ден шақырту келгесін, бір жекпе-жек болса да өткізгенімізді қалаған. Алайда елге қызық керек. Бір кездесуден соң қандай спортшы болса да чемпиондық белдік үшін күрескісі келеді. Біздің одан да маңызды жоспарымыз бар. Сара спорттық мансабында үлкен жетістікке жетті деп ойлаймын. Мансабын аяқтауға қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ, алайда, аралас жекпе-жекке қатысты өз ойымызды білдірдік", - деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Еске сала кетейік, Сора Рахмонова UFC-де сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақ балуан Шавкат Рахмоновтың қарындасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2220519-shavkat-rahmonovtyng-tugan-qaryndasy-ufc-shaqyrtuynan-bas-tartty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif