jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Күрес әлемінің аңызы – үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев қайтыс болды

    Бувайсар Сайтиев
    Бувайсар Сайтиев. Фото: TOSHIFUMI KITAMURA/AFP via Getty Images

    Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 50 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл ақпаратты агенттікке Ресей спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили растаған.

    "Маған он минут бұрын телефон соғып, қаралы хабарды айтты. Әлі сене алар емеспін. Біз ертең (3 наурызда – ред. ескертпесі) бірге ұшуымыз керек еді", - дейді Мамиашвили.

    Агенттіктің жазуынша, Бувайсар Сайтиевтің жүрегі тоқтап қалған. Бұны ТАСС агенттігіне Дағыстанның еркін күрес федерациясының атқарушы директоры Махмуд Магомедов хабарлаған.

    "Өлім себебі – жүректің тоқтап қалуы. Оның отбасы Мәскеуде, ауруханада жанында болды", - дейді ол.

    Айта кетейік, күрес әлемінің аңызы, даңқты балуан Бувайсар Сайтиев Олимпиада ойындарының үш дүркін (1996, 2004, 2008) чемпионы ғана емес алты дүркін әлем және Еуропа чемпионы.

    2009 жылы спорттық мансабын аяқтап, саясатқа араласты. Ол Ресей мемлекеттік думасының депутаты болды.

    Күрес әлемінің аңызы – үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.