Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
Опубликовано:
Читать на русском
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ойындарының жартылай финалында Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионы бахрейндік Ахмед Тажудиновты жеңді. 97 келі салмақ дәрежесіндегі жүлде үшін белдесу 15:3 есебімен Айтмұханның пайдасына жазылды.
Алтын медаль үшін кездесуде қазақ балуаны ирандық Әмірәлі Азарпиримен кездесті. Ризабектің қарсыласы 5:0 есебімен одан басым түсіп, жеңіске жетті.
Осылайша Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2311861-rizabek-aitmuhan-islam-yntymaqtastygy-oiyndarynda-kumis-medal-enshiledi/