jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті

    Дәулет Тұрлыханов
    Дәулет Тұрлыханов. Фото: Іnstagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov

    Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тұрлыханов басшылық қызметті аяқтау шешімді өзі қабылдғанын айтып, бұл сәтті мен терең алғыс сезімімен және ішкі тыныштықпен қабылдайтынын жеткізді. Федерацияның экс-президенті барша әріптестері мен өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын жаудырды.

    "Өзінің жүрегін Қазақстан күресін дамытуға арнап, соңғы 4 жылда бірге еңбек еткен әрбір жанға – бапкерлерге, спортшыларға, өңірлік федерацияларға, төрешілерге, дәрігерлерге, массажистерге, серіктестерімізге және күн сайын табанды еңбек еткен барлық азаматтарға шынайы алғыс айтқым келеді", - деп жазды ол.

    Оған қоса Дәулет Тұрлыханов басшылығы кезінде федерация қандай жетістіктерге жеткенін тізіп шықты:

    • Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдесі ересектер арасында 3 әлем чемпионы;
    • 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 3 әлем чемпионы;
    • 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында 4 әлем чемпионы;
    • 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында 4 әлем чемпионы.

    Ол бұл жеңістер біртұтас командамыздың еңбегі, күрестің болашағына сенген, табандылық танытқан, жанкештілікпен жұмыс істеген адамдардың ортақ жетістігі екенін атап өтті.

    "Біз үлкен жолды бірге жүріп өттік, қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделін нығайттық, ірі халықаралық турнирлерді жоғары деңгейде өткіздік және жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер аштық.

    Осы тарихи кезеңнің бір бөлігі болу – мен үшін үлкен құрмет. Бірақ спорт тек сабақтастық пен алға жылжу бар жерде дамиды. Жаңа команда жаңа көзқарас, тың идеялар және біздің сүйікті спортымызды дамытуға тың серпін әкелетініне шын жүректен сенемін. Жаңа президентке және федерация ұжымына зор табыс тілеймін", - деді Тұрлыханов.

    Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың орнына жылдық қорытынды конференция қатысушыларының шешімімен федерацияның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.

    Дәулет Тұрлыханов Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.