jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дәулет Тұрлыхановтың орнына Қазақстан күрес федерациясының президенті болып кім сайланды

    Еркін Оқасов
    Еркін Оқасов. Фото: Қазақстан күрес федерациясы

    Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Еркін Оқасов сайланды. Бұл туралы күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Федерацияның мәліметінше, жаңа басшы Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы.

    Кәсіпкер, "ВД Строй-Инжиниринг" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Осы уақытқа дейін Qazaq kuresi қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

    Ол талай жыл табанды еңбек етіп, осы уақытқа дейін федерация президенті қызметін атқарған Дәулет Болатұлына алғыс айтып, күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

    "Сенім білдірген барша жан мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!" - деді Еркін Оқасов.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметінен кеткенін жазған едік.

    Дәулет Тұрлыхановтың орнына Қазақстан күрес федерациясының президенті болып кім сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.