Демеу Жадраев бастаған қазақ балуандары Хорватиядағы рейтингтік турнирге қатысады
Опубликовано:
Біріккен күрес әлемі (UWW) Хорватияның Загреб қаласында өтетін рейтингтік турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Қазақстан құрамасы жарысқа күрестің барлық түрі бойынша қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, турнир 4-8 ақпан аралығында өтеді. Рейтингтік турнирге мына қазақ балуандары қатысады.
Грек-рим күресі
- 55 келіге дейін: Ерсын Абыйр, Нұрзат Қабдырахимов, Арсен Жұма;
- 60 келіге дейін: Аманғали Бекболатов, Ғалым Қабдунасаров, Ербол Камалиев;
- 63 келіге дейін: Айдос Сұлтанғали, Дастан Зарлыханов, Сайфулла Құрман;
- 67 келіге дейін: Ержет Жарлықасын, Мейіржан Шермаханбет;
- 72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Данияр Каленов, Николай Хапко;
- 77 келіге дейін: Мерей Маулетқанов, Тамерлан Шадукаев;
- 82 келіге дейін: Демеу Жадраев, Омар Сатаев, Ибрагим Магомадов;
- 87 келіге дейін: Ислам Евлоев, Нұрсұлтан Тұрсынов, Мақсат Сайлау;
- 97 келіге дейін: Юсуф Мациев, Нұрасыл Аманәлі;
- 130 келіге дейін: Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай.
Еркін күрес
- 97 келіге дейін: Камиль Куруглиев.
Әйелдер күресі
- 50 келіге дейін: Зейнеп Баянова;
- 57 келіге дейін: Нилуфар Раимова;
- 62 келіге дейін: Ирина Кузнецова;
- 76 келіге дейін: Гүлмарал Еркебаева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2336754-demeu-zhadraev-bastagan-qazaq-baluandary-horvatiiadagy-reitingtik-turnirge-qatysady/