Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды
Опубликовано:
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып Данияр Қайсанов тағайындалды, деп хабарлайды Күрес федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Данияр Қайсанов 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша, сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2017 жылы ұлттық құрамаға қабылданып, ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Токиода өткен Олимпиада ойындарында жүлдеге бір табан жақын болды.
Федерацияның мәліметінше, еркін күрестен ұлттық құрама балуандарының алдағы жиыны ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында өтеді, сол кезде бапкерлер құрамы толық таныстырылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2338083-daniiar-qaisanov-erkin-kuresten-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-bas-bapkeri-boldy/