jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

    Нұрсұлтан Теміров
    Нұрсұлтан Теміров. Фото: instagram.com/nursultan_temirov01

    Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы еліміздің Күрес федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Федерацияның мәліметінше, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров еңбек жолын 2014 жылы бастаған.

    Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

    Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болған.

    Сондай-ақ ол әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмиля Бақбергенова және тағы басқа спортшылардың жеке жаттықтырушысы.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып белгілі балуан Данияр Қайсанов тағайындалған еді.

    Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.