Биылғы жылға әлемнің басты ойынында алғашқы жарыс Ресейдің пайдасына шешілді. Алаң иелері Сауда Арабиясын 5:0 есебімен ұтты деп жазады NUR.KZ.

Әлем чемпионатындағы алғашқы голды ойынның 12-ші минутында Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Газинский салды.
Екінші рет қақпаға допты сол аяғымен дәл тигізген ресейлік Денис Чарышев болды.
Сонымен, алғашқы тайм 2:0 есебімен жабылған болатын
Ал екінші таймда Ресей құрамасы атынан ең сәтті үш голды Артем Дзюба, Денис Черышев пен Александр Головин соқты.
Есеп 5:0.

Әлем жұрты бақылап отырған ойын Мәскеудің "Лужники" стадионында өтіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737276-resej-saud-arabiasyn-ojsyrata-zeip-ketti/