Бразиялия құрамысының бас жұлдызы Неймар жаттығудың соңына дейін қатыса алмай барша жанкүйерлерді әбігерге салып қойды. Жарақат алып қалған футболшы алаңнан ақсаңдап кетіп қалған. Оның келесі ойынға шығар-шықпасы белгісіз болып отыр деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауыр жарақаттан әлем чемпионаты алдында әрең айыққан Неймар жаттығу кезінде тағы да аяғын ауыртып алған. Ол жаттығуды соңына дейін өткізе алмай, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Бразилия құрамасының медициналық штабының айтуынша, футболшының алған жарақаты аса қауіпті емес. Алайда, бүгін және ертең Неймар командаластарынан бөлек жаттығатын болады.
Дәрігерлер жақсы болжам бергенімен, жанкүйерлер қауымы аяқдопшының денсаулығына алаңдаулы. Олардың айтуынша, дұрыс емделмеген жарақат оның құрама атынан өнер көрсетуіне кедергі келтіруі мүмкін.
"Оның келесі ойынға шығуы күмән тудырады" , - деп айтуда жанкүйерлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738143-zattygu-kezinde-zarakat-alyp-kalgan-nejmar-kelesi-ojynga-sygady-ma/