Хорватия құрамасы әлем чемпионатындағы топтық кезеңнің екінші айналымында аргентиналықтарды жеңіп кетті деп хабарлайды Fifa сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хорватия мен Аргентина арасындағы футбол матчы Нижний Новгород қаласында өткен. Есеп 3:0 болып, хорваттардың пайдасына шешілді.
Хорватия құрамасы 6 ұпай жинап, әлемдік біріншіліктің play-off кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.
Бірінші голды шабуылдаушы Анте Ребич соқса, екіншісін Хорватия құрамасының капитаны, жартылай қорғаушы Лук Модрич салды. Ал соңғы голды жартылай қорғаушы Иван Ракитич соқты.

Ойын өте тартысты өтті. Алайда жанкүйерлер Мессиден көп үміт күткен еді. Әрине, ол ескертулерге ілікті, бірақ алмады.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738529-c-2018-messidi-komandasy-horvatiadan-ojsyraj-tyldy/