Бразилиялық шабуылшы Неймардың қарындасы ағасына қолдау білдіруге келіп, қолын жарақаттап алды. Рафаела Бекран Коста-Рикамен арада болған ойынды тамашалап отырып есінен танып қалған деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рафаэла Бекран жұлдызды ағасына қолдау көрсетуге келемін деп қолын қатты жарақаттаған. Есінен танып қалған ол жерге қатты құлағандықтан қолын ауыртып алды.
Бразиялия мен Коста-Рика арасындағы кездесу 22 маусым күні Санкт-Петербург қаласында орын алған болатын. Ойын 2:0 есебімен бразилиялықтардың жеңісімен аяқталды.
Бoйжеткен суретінің астына "Осы айдағы образым" , - деп жазып қойған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738908-jgili-nejmardy-karyndasy-ojyn-kezinde-esinen-tanyp-kolyn-syndyryp-aldy/