Әлем чемпионатының топтық кезеңінде өтетін Иран-Португалия ойыны қарсаңында жанкүйерлер қолдарынан келердің бәрін істеуде. Ирандықтар қарсылас сапындағы жұлдфздф футболшф Роналдудың ойын алдында ұйқысын бұзып, мазасын алған деп хабарлайды m.championat.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бір топ ирандық жанкүйер португалиялық команданың Сарансктағы қонақ үйінің алдында шу шығарған. Олардың бұл әрекетке баруының басты мақсаты қарсыластардың ойын алдында ұйқысын бұзу болды.
Олар мазасызданған футболшылар матч кезінде сәтсіз ойын көрсетеді деп үміттінесе керек.
Ирандықтардың шуына ашуланған Криштиану Роналду қонақ үй балконына шығып, жанкүйерлерді тыныштық сақатауға шақырған.
Топтық кезеңнің үшінші айналымында кездесетін Иран мен Португалия ойыны 25 маусым күні сағат 00:00-де басталмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1738944-irandyk-zankjerler-ojyn-aldynda-ronalduga-jky-bermej-kojgan-video/