Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "Е" тобындағы ойындар аяқталды. Фаворит саналған Бразилия мен Швейцария құрамалары 1/8 финалға шықты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Топтағы соңғы турда Бразилия құрамасы Сербияны 2:0 есебімен ұтты. Балқан түбегінен келген құраманың да плей-оффқа шығатын мүмкіндігі болған. Ол үшін бес дүркін әлем чемпиондарын жеңуі тиіс еді.
Бразилия құрамасына маңызды ұпай сыйлаған ойында Паулиньо мен Тяьго Силва гол соқты. Нәтижесінде 7 ұпаймен топта бірінші орын алды.
Екінші жолдаманы Швейцария құрамасы иеленді. Олар соңғы турда Коста-Рикамен тең ойнады.
Айта кетейік, 1/8 финалда Бразилия құрамасы Мексикамен кездеседі. Ал швейцариялықтар Швециямен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739494-c-2018-brazilia-serbterdi-srindirip-z-tobynda-birinsi-oryn-aldy/