Бүгін Ресейдегі футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалдың матчтары басталады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Франция мен Аргентина құрамалары кездеседі. Сағат 00:00-де Уругвай мен Португалия құрамаларының ойыны басталмақшы.
Еске салайық, Франция құрамасы "С" тобында бірінші орынға ие болса, ал Аргентина құрамасы "D" тобында Хорватиядан кейін екінші орынға жайғасты.
Уругвай құрамасы "А" тобында үш рет жеңіп, бірінші орынға шықса, оның қарсыласы, Португалия құрамасы "В" тобында Испаниядан кейінгі орынға жайғасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1739892-c-2018-bgin-francia-argentina-urugvaj-portugalia-matctary-tedi/