Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Артем Дзюба ширек финалға дейін перзентханадан шығарылатын болды

Опубликовано:

Ресей құрамасы шабуылдаушысының құрметіне есімі берілген жаңа туған Артем Дзюба бүгін Екатеринбургтегі перзентханадан шығарылатын болды деп Prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі сурет: Yandex
Көрнекі сурет: Yandex: UGC
"Мен басында ұлымды Артем деп атағым келген. Әйелім басқаша қоюын сұрады, бірақ соңында мен көндірдім. Кейбір БАҚ беттерінде ұлымды футболшы Дзюбаның Испания қақпасына гол салған кезде қойды деп жазып жатыр. Әрине, олай емес. Жанкүйерлік танытамыз. Осыған дейін барлық матчтарды көріп шықтық. Ресей құрамасына сәттілік тілейміз. Егер ойыншы Артем осының бәрін көрсе, қуанар едік. Осындай дүбірлі дода кезінде футболшымен аттас бала дүниеге келді деп ойламаймын", - деді нәресте Артемнің әкесі Олег.

Еске салайық, әлем чемпионатының ширек финалында ресейліктер Хорватия құрамасымен жетінші шілде күні Сочи қаласында ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1740657-c-2018-artem-dzuba-sirek-finalga-dejin-perzenthanadan-sygarylatyn-boldy/

pixel