Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Бельгия әйгілі Бразилияны тоқтатты

Опубликовано:

Ресейдегі әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық жұбы анықталды. Бүгін Бразилияны 2:1 есебімен ұтқан Бельгия 32 жылдан бері алғаш рет мундиальдың жартылай финалына өтті.

Бельгия құрамасы. Фото: sports.ru
Бельгия құрамасы. Фото: sports.ru: UGC

Алғашқы голды бельгиялықтар стандартты жағдайдан соқты. 13-ші минутта олардың бұрыштамадан көтерген добын Фернандиньо өз қақпасына соғып алды.

Ал ойынның 31-ші минутында Кевин де Брюйне есепті еселеп, командасын алға шығарды.

Бразилиялықтар есеп айырмасын екінші тайм аяқталар тұста қысқартқанымен, еуропалық команда жеңісті қолдан берген жоқ. Осылайша, әлем чемпионатының жартылай финалына өткен олар бүгін Уругвайды үйіне қайтарған Франциямен кездеседі.

Әлем чемпионатында Еуропадан өзге құрлық өкілдерінің барлығы да жүлдеден үміт үзді. Ең соңғы болып Оңтүстік Американың намысын қорғаған Бразилия ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1740997-c-2018-belgia-jgili-braziliany-toktatty/