Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Роберто Мартинес жаттықтыратын құрама ширек финалда Бразилияны жарыс жолынан шығарды деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазанда өткен кездесуде Бельгия құрамасы пентакампеондарды 2:1 есебімен ұтты. Бельгиялықтар ойындағы екі голды да бірінші таймда соқты. 13 минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандиньо өз қақпасына автогол соғып алды.

Екінші таймда Бразилия құрамасымен есепті теңестіру үшін барын салғанмен, бір голмен ғана шектелді. Ол голды ойынға тыңнан қосылған Ренато Аугусто соқты.

Айта кетейік, жартылай финалда "қызыл сойқандар" Франция құрамасымен кездеседі. Ойын 11 шілде күні өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1740999-braziliany-tkan-belgia-zartylaj-finalga-sykty-foto/