Ресейде футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында сәтсіз ойын көрсетіп, нәтижесінде турнирден "ұшып" кеткен Испания құрамасында бас бапкер қайтадан ауысты. "Реал Мадридтің" бұрынғы ойыншысы Фернандо Йерроны "Барселонаның" экс-бапкері Луис Энрике алмастырған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлем чемпионатының басталуына екі күн қалғанда Испания футбол федерациясы бас бапкерін жұмыстан босатып жіберген болатын. Оның орнына ұлттық құрама тізгінін ұстауға жедел түрде Фернандо Йерроны тағайындады.
Алайда, оның қол астында ұлттық құраманың көрсеткен ойыны федерация көңілінен шықпаған көрінеді. Ресейден жеңіліс тауып, команда турнирден шығып кеткеннен кейін бас бапкердің орны бірден ауысқан.

Енді ұлттық құрама Луис Энрикенің басқаруына өтті. Фернандо Йерро болса өзіне ұсынылған спорттық директор лауазымынан бас тартқан. Нәтижесінде ол орынды Франсиско Малина атты маман алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1741415-lem-cempionatynan-syp-ketken-ispania-bas-bapkerin-tagy-auystyrdy/