Қазақстан чемпионатының матчында "Астана" мен "Семей" командаларының жас футболшылары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2003 жылға дейін дүниеге келген ойыншылар арасында матч соңына қарай, кездесудің 89-шы минутында жаппай төбелес басталды.
Төрешілер мен қарсылас команданың тәлімгерлері даурыққан футболшыларды тез арада ажыратты.
Төбелес кезінде "Астана" "Семей" командасын 8:0 есебімен жеңіп жатты. Ойын осы есеппен аяқталды.
Оқиға салдарынан екі командадағы екі спортшы қызыл карточка, ал тағы екеуі сары карточка алды. Футболшылардың нені бөлісе алмағаны нақтыланған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1794631-astana-men-semej-futbolsylary-alada-tbelesti-video/