Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайшылап тепті": Ибрагимовичтің кезекті голына жұрт таңдай қақты

Опубликовано:

"Лос-Анджелес Гэлэкси" клубына доп тебетін 37 жастағы Златан Ибрагимович америкалық басты футбол лигасын (MLS) тағы да таңғалдырды. Швед шабуылшысы чемпионаттың кезекті турында қайшылап тұрып гол соқты деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter/LAGalaxy
Фото: Twitter/LAGalaxy: Facebook

Ибрагимович чемпионаттың кезекті турында "Нью-Инглэнд Революшн" қақпасына гол салды.

Ойынның 84 минутында шабуылшы допты кеудесімен тоқтатып, аяғымен басынан асырып көтеріп алды. Содан кейін футболшы қайшылап тұрып теуіп, гол ұрды.

Алайда Златанның соққан добы "Лос-Анджелес Гэлакси" клубын жеңілістен құтқара алмады. Ол ойын 1:2 есебімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1797678-kajsylap-tepti-ibragimovicti-kezekti-golyna-zrt-tadaj-kakty/