Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында өткен матчта Қазақстан құрмасы Сан-Мариноны ойсырата жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

I топтың төртінші тур ойыны елордадағы "Астана Арена" кешенінде 11 маусымда өтті.
Есеп 4:0 болып, отандастарымыздың пайдасына шешілді.
Гол авторлары: Исламбек Қуат, Максим Федин, Ғафұржан Сүйімбаев және Бауыржан Исламхан.
Осылайша Қазақстан құрамасында іріктеу тобында алты ұпайы бар.
Енді келесі ойында біздің аяқдопшылар Кипрге қарсы алтыншы қыркүйек күні өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1799145-kazakstan-krmasy-san-marinony-tas-talkan-etip-zedi/