УЕФА чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Еліміздің намысын қорғайтын Нұр-Сұлтандық "Астана" клубының қарсыласы анықталды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елордалық футбол ұжымына Румынияның Клуж-Напока қаласының ЧФР клубы қарсылас атанды.
Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 9, 10 шілде күндері болса, қарымта кездесу 16, 17 шілдеге жоспарланған.
Бұл жұптағы алғашқы матч Нұр-Сұлтанда өткізілсе, бір аптадан кейін Румынияда екінші ойын болмақ.
Айта кетейік, "Астана" еліміздің атынан еурокубоктік сайыстарда бесінші жыл қатарынан сынға түсіп келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1800340-astana-futbol-klubyny-cempiondar-ligasyndagy-algasky-karsylasy-anyktaldy/