jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасы Шотландияға есе жіберді (видео)

    : UGC

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы турында Шотландиямен кездесіп, 3:1 есебімен ұтылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: kff.kz
    Фото: kff.kz: UGC

    Сырт алаңда өнер көрсеткен ұлттық құрама есепті бірінші болып ашты. Ойынның 34 минутында Бақтияр Зайнутдинов айып алаңының сыртынан гол соқты.

    Бірінші таймда осы есеп өзгерген жоқ.

    Матчтың екінші кезеңінде алаң иелері Непогодов қорғаған қақпаға бір сәтте шабуылдауды тоқтатқан жоқ. Соның нәтижесінде Шотландия құрамасы жауапсыз 3 гол соқты.

    48 минутта Джон Макгинн есепті теңестірсе, 68 минутта алаң иелерінің капитаны Стивен Нейсмит құрамасы үшін екінші голды соқты.

    Онынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Джон Макгинн Қазақстан қақпасынан саңылау тапты.

    3:1 есебімен ұлттық құраманы жеңген Шотландия тобында үшінші орынға табан тіреді.

    Ал 10 ұпайды қанжығасына байлаған Қазақстан бесінші сатыны қанағат тұтты.

    Еске сала кетсек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өткен аптада Сан-Марино командасымен кездескен болатын. Нәтижесінде отандастарымыз сырт алаңда 1-3 есебімен жеңіске жетті.

    Қазақстан құрамасы өнер көрсететін I тобында Бельгия мен Ресей Еуропа чемпионатына жолдама алды.

    Футболдан Қазақстан құрамасы Шотландияға есе жіберді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.