jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Роналду инсульт алған анасының жағдайы туралы айтты

    : Instagram

    Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду анасы Марии Долорештің инсульттан кейінгі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/cristiano
    Фото: Instagram/cristiano: Instagram

    Әлемнің үздік футболшыларының бірі анасының отадан кейінгі жағдайы туралы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

    "Анама қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығыңызға рақметімді айтамын. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. Мен және менің отбасым анамды бақылап отырған медициналық қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Біз сіздерден біраз уақытқа дейін жеке өмірімізге қатысты құқығымызды бұзбауларыңызды сұраймыз", - деді Криштиану Роналду.

    "Ювентус" шабуылшысының 65 жастағы анасы Мадейрадағы ауруханаға екінші наурыздан үшінші наурызға қараған түні жатқызылған.

    Шетелдік басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Роналдудың анасы 2007 жылы әйел сүт безінің қатерлі ісігін жеңген, алайда 2019 жылы оны қатерлі дерт "қайта мазалаған".

    Еске сала кетсек, Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысының кезекті рекордына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Роналду инсульт алған анасының жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.