"Манчестер Сити" ағылшын футбол клубы "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл туралы журналист Танкерди Палмери в Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.
"Қалалықтар" аргентиналықтың трансфері туралы ресми ұсыныс дайындап жатқандығы атап өтілді.
Аргентиналық футболшы 2003 жылдан бері Барселона сапында өнер көрсетіп келеді.
Форвард клубпен арадағы келісімнің әр маусымның соңында келісімшартты біржақты бұзуға мүмкіндік беретін нұсқасын пайдалануға шешім қабылдады деп хабарланды.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасы Еуропаның үздік командаларының қатысуымен өтетін ойын. Коронавирустың салдарынан спорттық шаралар кейінге шегеріліп, кейбірі мүлдем өтпей қалған болатын.
Бұған дейін Чемпиондар лигасы аясында ширек финалда германиялық "Бавария" мен каталониялық "Барселона" командалары арасында өткен матч ірі есеппен аяқталды.
Айта кету керек, осы жеңілістен кейін испандық клубтың бас бапкері Кике Сетьен қызметінен босатылды. "Барселона" президенті Жозеп Бартомеу Кике Сетьеннің бас бапкерлік қызметтен кеткенін растады.
Сондай-ақ, футболдан Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері Рональд Куман жақын арада "Барселонаны" жаттықтыруы мүмкін екенін айтқан едік. Голландиялық маман каталониялықтармен екі жылға келісімшартқа отырмақ. Ол қазіргі уақытта "Барселонамен" келісімшартқа отырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1871318-mancester-siti-kluby-messi-sin-200-million-euro-tleuge-dajyn/