jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады (фото, видео)

    Фото
    Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы турында Литвамен сырт алаңда кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Ұлттар лигасының С дивизионындағы алғашқы матч Вильнюс қаласында өтті.

    Ойынның үшінші минутында Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның пасын сәтті пайдаланған жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов есепті ашты.

    Алайда мәскеулік "Цсканың" футболшысы алғашқы таймның 30-минутында жарақат алып қалды. Оның орнына алаңға қызылордалық "Қайсардың" шабуылшысы Максим Федин шықты.

    Матчтың бірінші жартысы қос құраманың алма-кезек шабуылымен аяқталды.

    Екінші таймды да Қазақстан ширақ бастап, гол соғатын мүмкіндіктерге ие болды. Бірақ еліміздің футболшыларына сәттілік жетіскен жоқ. Сонымен қатар, алаң иелері де Стас Покатилов қорғаған қақпаға бірнеше рет қауіпті шабуыл жасады. Абырой болғанда, қысыл-таяң уақытта қақпашымыз сенімді ойнай білді.

    Қазақстан құрамасы матчтың 85-минутында есепті еселеді. Ойындағы екінші голды жартылай қорғаушы Исламбек Қуат соқты. "Қайрат" пен ресейлік "Оренбургтің" бұрынғы футболшысы Ян Вороговскийдің пасын сәтті пайдаланды. Гол соғатын мүмкіндікті жасаған қаптал қорғаушысы Бельгия чемпионатында өнер көрсететін айта кету керек.

    Осылайша, тартысты өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.

    Енді Қазақстан құрамасы тобындағы кезекті кездесуін Алматы қаласында 7 қыркүйек күні өткізбек.

    ФОто
    Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.