jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Динамоның" 6 ойыншысы матч алдында КВИ жұқтырды

    Динамо құрамы
    Фото: РенТВ

    Киевтік "Динамоның" алты ойыншысы "Барселонаға" қарсы өтетін Чемпиондар лигасындағы матч алдында коронавирус жұқтырып алды. Ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады деп хабарлайды РенТВ.

    Атап айтқанда, Георгий Цитаишвили, Денис Гармаш, Миккель Дуэлунд, Александр Караваев, Тудор Бэлуцэ және Николай Шапаренконың тест талдаулары оң нәтиже көрсеткен.

    Одан бөлек, коронавирус бас бапкердің ассистенті Эмиль Карас пен клубтың төрт қызметкерінен расталған.

    Осыған дейін италиялық "Лацио" футбол клубы команданың бірнеше мүшесі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. Клуб COVID-19 инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен спортшылардың есімін атаған жоқ. Ойыншылар өз-өзін оқшаулап жатыр, ойындардан шеттетілген.

    Айта кетейік, бұған дейін италиялық "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудан да коронавирус анықталған болатын. Футболшы жақында ауруды жеңіп шыққанын да мәлімдеген.

    Ал жақында ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқа түскендіктен, өзін үйде оқшаулағанын мәлімдеді.

    Одан бөлек, Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылық (умра) жасағысы келетін шетелдіктер үшін шекарасын толық ашты. Енді өзге елдегі мұсылмандар 1 қарашадан бастап Мекке мен Мединаға бара алады.

    Мұнда жасқа байланысты шектеулер бар. Умраға ПТР анықтамасы теріс нәтиже көрсеткен 18 жастан 50 жасқа дейінгі мұсылмандар жіберіледі.

    Чемпиондар лигасы: "Динамоның" 6 ойыншысы матч алдында КВИ жұқтырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.