Ресейлік ЦСКА клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов соңғы кездесу кезінде басына жасалған тізе соққысынан кейін есінен танып қалды - спортшыны алаңнан зембілмен алып кетті.
8 қараша күні ЦСКА Ресей Премьер-лигасы аясында "Ростов" ФК-мен сырт алаңда кездесті. Ойынның 9-минуттында қазақстандық футболшы алаңды тастап кетуге мәжбүр болды - ойын кезінде "Ростовтың" қорғаушысы Денис Терентьевтің тізесі Зайнутдиновтың басына тиіп кетіп, спортшы қатты соққы алған деп хабарлайды Sports.kz.
Спортшы соққыдан есінен танып, оны алаңнан зембілмен алып кетті. Футболшы матчты жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Васин шықты. Кейін ЦСКА-ның бас бапкері Виктор Гончаренко Бахтиердің есін жиғанын алға тартып, жанкүйерлерін тыныштандырды.
"Бәрі жақсы, киім ауыстыратын бөлмеде күліп, риза болып отыр. Ертең біз оның жағдайын бағалаймыз", - деді Гончаренко журналистердің сұрағына жауап беріп.
Еске салсақ, бұған дейін біз 16 жылдан кейін "Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионы атанғанын жазған едік. Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында Алматының орталық стадионында "Қайрат" Шымкенттің "Ордабасы" клубын қабылдаған.
Одан бөлек, киевтік "Динамоның" алты ойыншысы "Барселонаға" қарсы өтетін Чемпиондар лигасындағы матч алдында коронавирус жұқтырып алғанын жазған болатынбыз. Одан бөлек, коронавирус бас бапкердің ассистенті Эмиль Карас пен клубтың төрт қызметкерінен расталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1883604-kazakstandyk-futbolsy-mskeudegi-matc-kezinde-esinen-tanyp-kaldy-video/