Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"УЕФА нұсқасы": Қазақстан тумасы әлемдік деңгейдегі 50 дарынды футболшының қатарына енді

Жарияланған күні:

Равиль Тагир1
Равиль Тагир. Фото: sports.kz

УЕФА осы жылдың жаңалығына айналуы мүмкін 50 жас футболшының тізімін жариялады. Олардың арасында түріктің "Стамбул Башакшехир" командасында өнер көрсететін 17 жастағы Қазақстан тумасы Равиль Тагирде бар деп хабарлайды Sports.kz.

"Сол аяқпен ойнайтын орталық қорғаушы 2020 жылдың қыркүйек айында "Алтынордудан" "Башакшехирге" ауысқан. Біртіндеп негізі құрамға өтеуде, қазірдің өзінде жастар құрмасында өнер көрсетеді", - деп жазады сайт.

Айта кетейік, Равиль Тагир Тараз қаласында дүниеге келген. Бала күнінде отбасымен Түркияға қоныс аударған. "Алтынорду" футбол клубының шәкірті болып табылады.

Равильдің жаңа клубтағы алғашқы ойыны өткен жылдың қараша айында "Денизлиспорға" қарсы өткен еді. Ол кезде жас футболшы матчтың аяқтаулына 5 минут қалғанда алаңға шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысына қарасты Қызылтам ауылының тумасы, 16 жастағы Абдулхамит Маратұлы Испанияда футболдан өтетін іріктеуге шақырту алғанын жазған едік.

Жасөспірімнің сөзінше, іріктеу 2004 жылғы жасөспірімдер арасында өтеді.

"Сонда біздің ойынымызды "Атлетико Мадрид", "Валенсия", "Реал Бетис", "Малага", "Херес" клубтарының скауттары бақылайды. Егер ұнаса, келісімшарт ұсынуы бек мүмкін", - дейді ол.

Сонымен қатар Швейцария астанасы Берн қаласында 2022 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өткенін, Қазақстан құрамасының іріктеу сатысындағы қарсыластары анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандықтар "Д" тобына түскен. Бұл топта Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Франция, сондай ақ Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1892149-uefa-nskasy-kazakstan-tumasy-lemdik-degejdegi-50-daryndy-futbolsyny-kataryna-endi/