Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал футболшы Михаэль Баллактың 18 жастағы ұлы қайтыс болды

Опубликовано:

Михаэль Баллак
Михаэль Баллак. Фото: championat.com

Германия футбол құрамасы мен бірқатар еуропалық клубтың бұрынғы футболшысы Михаэль Баллактың отбасында қайғылы оқиға болды деп хабарлайды НЕВАСПОРТ.

Басылымның The Mirror-ға сілтеме жасап жазуынша, футболшының 18 жастағы ұлы Эмилио Баллак Португалияда жол апатына түскен.

Қайғылы оқиға 4 тамыздан 5-не қараған түні болған. Жол апатының мән-жайы айтылмады, алайда, Эмилионың квадроцикл айдағаны белгілі деп хабарлайды басылым.

Әзірге Михаэль Баллак ұлының өліміне қатысты ешқандай пікір білдірмеген.

Айта кетейік, атақты футболшы мен жұбайы Симона Ламбо екеуінің тағы Луис пен Йорди есімді ұлдары бар.

44 жастағы Михаэль Баллак спорттық мансабын он жыл бұрын аяқтаған еді. Ала доп шебері Еуропа мен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, Германия және Англия чемпионы болған.

Михаэль Баллак пен ұлы Эмилио
Михаэль Баллак пен ұлы Эмилио. Фото: instagram.com/michaelballackofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1925784-tanymal-futbolsy-mixael-ballaktyn-18-zastagy-uly-qaitys-boldy/

pixel