
Отандық аралас жекпе-жекші Асу Алмабаев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойсырай ұтылған Қазақстан футбол құрамасына қатысты ойын айтты деп жазады Sports.kz.
"ММА-ді дамыту керек, бауырлар. Әрине, олардың жалақысы өте көп. Арақ ішіп, темекі тартады. Шаршы алаңда кім ойын ойнайды?!

Біз мұнда залға жетіп, жаттығу үшін әлі күнге дейін автобуспен қатынап жүрміз. Соның өзінде нәтиже бар", - деп жазды Алмабаев Instagram желісіндегі отандық пабликтердің бірі - ztb_video жазбасының астына.
Еске салсақ, Талғат Байсуфиновтің қарамағындағылар әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Босния және Финляндия командаларымен ойнап, екеуінен де 0:2 есебімен жеңілген болатын.
Қазақстан құрамасы қатарынан 14 ойында жеңіліп, бір де бір рет жеңіске жете алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1937233-araq-isip-temeki-tartady-asu-almabaev-qazaqstan-futbol-quramasyn-qatan-synga-aldy/