Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Роналду егіз балаларының дүниеге келуін асыға күтіп жүргенін хабарлады (фото)

Опубликовано:

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес
Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес. Фото: Daniele Venturelli/Daniele Venturelli/WireImage

Әйгілі португалиялық футболшы, "Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қуанышты жаңалығын бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Футболшының сөзінше, жақында олардың отбасы тағы екі жанмен толықпақ. Жұбайы Джорджинаның аяғы ауыр.

"Мен егіздерді күтіп жүргенімізді қуана хабарлаймын. Жүрегіміз махаббатқа толы – біз сіздермен қауышар сәтті асыға күтудеміз", – деп жазды Роналду Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Джорджина мен Роналдудың Алана атты ортақ бір қызы бар. Ол 2017 жылы қарашада дүниеге келген.

Одан бөлек, футболшының тағы үш баласы бар. Үлкен ұлы белгісіз анадан 2010 жылы туған.

2017 жылы маусым айында суррогат анадан Ева мен Матео Роналду өмірге келді.

Ал Роналду мен Джорджина алғаш рет 2017 жылы қаңтарда "Алтын допты" табыстау рәсімінде көпшілік алдына бірге шыққан еді.

2020 жылы БАҚ-та футболшының Джорджинаға ұсыныс жасағаны және олардың жақында үйленетіндігі туралы қауесет тараған болатын.

Алайда бұл қауесет жоққа шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1939500-aigili-ronaldu-egiz-balalarynyn-duniege-keluin-asyga-kutip-zurgenin-xabarlady-foto/

pixel