Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда төреші душ қабылдап жатқан футболшыларды алаңға қайтарды

Жарияланған күні:

Хализ Озкяхья
Хализ Озкяхья. Фото: twitter.com/ajansspor

Түркия чемпионатының "Газиантепспор" - "Касымпаша" матчында бас төреші Хализ Озкяхья күтпеген жерден қателікке бой алдырды. Ол матчты уақытынан ерте аяқтап қойған, деп хабарлайды gazeta.ru.

Хализ Озкяхья матч аяқталар тұста негізгі уақытқа тағы тоғыз минут қосқан. Алайда, 4 минуттан кейін яғни ойынның 95-минутында матчтың аяқталғанын хабарлаған.

Озкяхья футболшылардың көбі душ қабылдап жатқанда өз қателігін түсінген. Ол уақытта VAR жүйесі өшіп тұрған. Сондықтан төрешіге ойыншыларға алаңға оралып, матчты аяқтауды өтінуге тура келген.

Футболшыларды алаңға шақырып, VAR жүйесін қосып, қақпаның қаңқасын монтаждауға шамамен 20 минут кеткен. Артынша матч қайта жалғасқан.

Қалған бес минутта командалар бір-біріне гол сала алмаған, есеп 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген.

Бұл жайттан кейін Озкяхья мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

"Менен ешкім матчты аяқтауды талап еткен жоқ. Төрешілер бөлмесінде соңғы ысқырықты ерте беріп қойғаным түсінікті болды. Негізінен, мен бес минут қостым және бәріне резервтегі төрешіні кінәлауыма болар еді, бірақ бұл менің ұстанымыма жат нәрсе.

Егер біз матчты аяқтамағанда, федерация оларды қайта ойнатуы мүмкін еді. Ойыншыларға мені түсініп, алаңға оралғаны үшін алғыс айтамын. Мен енді өз жұмысымды жақсы көрмеймін, бұл арпалыста жүргім келмейді. Жүйені толық өзгерту керек, сондықтан мен кету туралы шешім қабылдадым", - дейді Хализ Озкяхья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1941583-turkiyada-toresi-dus-qabyldap-zatqan-futbolsylardy-alanga-qaitardy/