jitsu gif
Спорт

    Месси жетінші мәрте "Алтын допқа" ие болды

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

    Әлемге әйгілі футболшы және қазір ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси жетінші рет "Алтын доптың" иегері атанды.

    РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Париждегі "Шатле" театрында Еуропадағы жылдың үздік футболшысын марапаттау рәсімі өтті.

    Мессиден кейінгі екінші орынды мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовский иеленді. Шартты түрдегі "қола" лондондық "Челси" мен Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоржиньоға бұйырды.

    Аргентиналықтың тікелей қарсыласы және бес дүркін "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду биыл тек алтыншы орынға ие болғаны атап өтілді.

    Айта кетейік, ол марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартты. Месси өз сөзінде "Алтын допты" Америка Кубогында Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жеткенінің арқасында алып тұрғанын айтты.

    Дегенмен, ол жүлдені Роберт Левандовский алуы керек еді деген ойын жеткізді.

    Еске салайық, тамыз айында "Барселонадан" кеткеннен кейін Лионель Месси франциялық ПСЖ-мен келісімшартқа отырған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.