jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қазақ қызысың": Қазақстан құрамасының футболшысын ресейлік клубтағы әріптестері қалай қабылдаған

    Мясникова
    Фото: Instagram/myasnikova_yuliya

    Еліміздің футболдан әйелдер құрамасының ойыншысы Юлия Мясникова ресейлік клуб пен Қазақстан құрамасында бір мезгілде қатар өнер көрсетудің артықшылығы мен кемшілігін сөз етті деп жазады Мeta-ratings.kz.

    Футболшы қыз қазір ресейлік ЦСКА клубында ойнап жүр. Оның сөзінше, шетелдік клубта өз ойыншыларына басымдық беріледі.

    "Бөтен ойыншы кімге керек? Ресейге келсем, ондағылар маған: "Сен орыс емессің, Қазақстаннан келген қазақсың", дейді. Ал Қазақстанға, еліме келсем, "Қайдағы қазақ, қазақ тілін білмейсің" деп бетіме басады. Сені мына жақта да, ол жақта да қабылдамайды", - дейді футболшы.

    Сондай-ақ сұхбатта Юлия Мясникова еліміздегі тіл мәселесіне пікірін білдірді. Футболшы өзінің тілді жетік білмеуін Қарағандыда, орыстілді ортада туып-өскендігімен байланыстырады. Спортшының сөзінше, мектепте ол өз тілінде сөйлемейтін ұлты қазақ балалармен дос болған, ал ана тілін білетіндер қазақшаны тек ата-әжелерімен сөйлескенде ғана қолданған.

    Мясникова оңтүстік облыстарды жағдайдың керісінше екенін атап өткен. Оның айтуынша, оңтүстікте туып-өскен ұлты орыс қыздар өскен ортасына орай қазақша жақсы сөйлейді.

    "Мен мектепте ҰБТ-дан қазақ тілін беске тапсырдым. Бірақ қазақ тілінде үнемі сөйлемегендіктен, естіп өспегендіктен, әрине, проблема болады. Санай аламын, көптеген сөз тіркестерін білемін", - дейді Юлия.

    "Қазақ қызысың": Қазақстан құрамасының футболшысын ресейлік клубтағы әріптестері қалай қабылдаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.