Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшы Нұралы Әліп ресейлік тілшілерге қазақ тілінде жауап берді

Опубликовано:

футболшы
фото: aladop.kz

"Зенит" клубы жалға алған қазақстандық футболшы Нұралы Әліп ресейлік журналистерге қазақ тілінде сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұралының сұхбаты клубтың ресми арнасында жарияланған. Ол ресейлік журналистердің орыс тілінде қойылған сұрағына аудармашы арқылы қазақ тілінде жауап берген.

Аталған видео қаңтар айында "Зениттің" жаттығу жиыны кезінде түсірілген.

"Зенит" Еуропада өнер көрсететін әлемдік деңгейдегі клуб. Мұнда деңгей жоғары. Жаттығу да жоғары деммен өтеді. Күніне екі рет дайындаламыз. Әлі күнге дейін мұндай жаттығулар жасап көрмеген. Өзіме қызық болып жатыр", - деді Нұралы.

Желіде Нұралының тек қазақ тілінде жауап бергенін жанкүйерлер жылы қабылдаған.

Нұралы Әліп 1999 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. "Каспий" футбол клубының түлегі. Қазақстан командасының ойыншысы.

2018 жылдан бастап "Қайрат" клубының негізгі құрамында өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1956310-reseilik-tilsilerge-qazaq-tilinde-zauap-bergen-futbolsy-nuraly-alip-zankuierlerdi-tanyrqatty-video/

pixel