Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын тарихи матчпен бастайды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы алғашқы матч тарихи кездесу болмақ, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылым мәліметінше, Қазақстан мен Словакия тарихта ешқашан бір-біріне қарсы ойнамаған.

"Словакия халықаралық турнирлерде Қазақстанмен, сондай-ақ Албания, Косово және Сербиямен жолыққан емес.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы ресми ойындарда Словакиямен кездесетін 76-ел болады", - дейді словакиялық Sportnet басылымы.

Айта кетейік, Қазақстан мен Словакия арасындағы алғашқы кездесу 6 маусым күні Трнавада өтеді. Ел құрамасы бір топта Словакиядан бөлек, Әзербайжан және Беларусьпен өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1963656-qazaqstan-quramasy-ulttar-ligasyn-tarixi-matcpen-bastaidy/

pixel