jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Мәңгі сүйіп өтеміз": Криштиану Роналду жаңа туған ұлынан айырылып қалды

    Криштиану Роналду ұлынан айырылды
    Криштиану Роналду. Фото: Спорт-Экспресс

    Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду жаңа туған ұлының шетінеп кеткенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өткен жылдың қазанында Португалия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Роналду жұбайы Джорджинаның егіздерге аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын.

    Олар бір ұл мен бір қыздың дүниеге келгенін күтіп жүрген болатын. Бүгін Криштиану ұлының шетінеп кеткенін хабарлады.

    "Біздің сәбиіміздің шетінеп кеткенін қайғыра хабарлаймыз. Бұл қиын сәтті қызымыздың аман қалғаны бізге күш береді. Осы орайда, көмегін аямаған дәрігерлер мен медбикелерге зор алғыс білдіреміз. Қазіргі біздің күйіміз қиын, сондықтан, мұндай қиын уақытта көп нәрсе сұрамауды өтінеміз.

    Біздің ұлымыз - біздің періштеміз. Біз сені мәңгі сүйетін боламыз", - деп жазды футболшы өз парақшасында.

    Криштиану Роналду 37 жаста. Ол суррогат анадан туған үш баласы мен сүйіктісі Джорджинадан туған бір қызын тәрбиелеуде. Енді бүгін ол бесінші рет әке атанды.

    "Мәңгі сүйіп өтеміз": Криштиану Роналду жаңа туған ұлынан айырылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.