jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Жозе Моуриньо әр түрлі төрт еурокубокты жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер атанды

    Жозе Моуринью
    Жозе Моуринью. Фото: Matthew Ashton - AMA/Getty Images

    "Рома" футбол клубының бапкері Жозе Моуриньо Еуропадағы ірі төрт турнирде жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы бапкер атанды, деп хабарлайды Euro-Football.

    Алғаш рет португалиялық маман 2003 жылы "Порту" клубымен УЕФА кубогын жеңіп алған еді. Ал келесі маусымда ол аталған ұжыммен Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

    2009/10 жылғы маусымда да ол "Интермен" бірге Чемпиондар лигасында топ жарды.

    Ал 2016/17 жылғы маусымда Жозе Моуриньо "Манчестер Юнайтедпен" Еуропа лигасының кубогын иеленді.

    Одан бөлек таяуда ол жаттықтыратын "Рома" клубы Конференция лигасының жеңімпазы атанды. Аталған клубты Моуриньо осы маусымнан бастап жаттықтырып жүр.

    Осылайша, 59 жастағы Жозе Моуриньо әр түрлі төрт еурокубокты жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер атанып отыр.

    Айта кетейік, бұған дейін "Рома" клубы Конференция лигасының финалында "Фейеноордпен" ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

    Жозе Моуриньо әр түрлі төрт еурокубокты жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.