Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абрамовичтің "Челси" клубы америкалық миллиардерге 5,3 млрд долларға сатылды

Опубликовано:

Футбол
"Челси" клубы. Фото: chelseablues.ru

Лондондық "Челси" клубын америкалық бизнесмен Тодд Боэли сатып алды. Тиісті құжат Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін "Челси" Боэли консорциумының 5,3 миллиард доллар тұратын бақылау пакетін сатып алу шарттарына келіскен болатын.

Алайда, команда қожайыны Роман Абрамович Ұлыбритания үкіметі ұсынған келісімнен бас тартқаннан кейін жағдай шиелінісе түсті. Яғни клубтың сатылатыны күмән тудырды.

Кейінірек келіспеушіліктердің шешілгені белгілі болды. Тараптар клубтың Абрамовичке дейінгі 1,6 миллиард фунт стерлинг қарызын қалай жабуға болатындығы туралы ортақ мәмілеге келген.

Дегенмен келісімді тек Ұлыбритания үкіметі ғана емес, Португалия билігі де мақұлдауы керек екені белгілі болды. Өйткені Абрамовичте аталған елдердің азаматтығы бар.

Ұлыбритания министрлер кабинетінің мүшелері еуропалық комиссиядағы әріптестерімен келісімді мақұлдау үшін кепілдік беру туралы келіссөздер жүргізді.

Нәтижесінде 26 мамырда Португалия Абрамовичке клубты сатуға рұқсат берді.

Айта кетейік, ресейлік олигарх "Челсиді" 2003 жылы сатып алған болатын.

Лондондық клуб Роман Абрамович басшылық еткен уақыттарда бес рет Англия чемпионатының, бес мәрте Англия кубогының, үш рет Англия лигасы кубогының, екі мәрте Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Наурыз айының басында Абрамович клубты сатылымға шығарғанын хабарлады. Бұған Украинадағы жағдайға байланысты миллиардерге салынған санкциялар себеп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1971253-abramovictyn-celsi-kluby-amerikalyq-milliarderge-53-mlrd-dollarga-satyldy/

pixel