
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Магомед Адиевтің шәкірттері Словакия құрамасын 1:0 есебімен ұтты.
Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды ойынның 26-минутында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев салды. Оған нәтижелі пасты Эльхан Астанов берген.
Осылайша Қазақстан екі турдан кейін 6 ұпаймен "С" дивизионындағы өз тобында көш бастады.
Айта кетейік, бұған дейін біздің футболшылар елордада өткен матчта Әзірбайжанды 2:0 есебімен жеңген болатын.
Қазақстан құрамасының келесі матчы Беларуське қарсы 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні өтеді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1972881-ulttar-ligasynda-qazaqstan-futbolsylary-slovakiya-quramasyn-zendi-video/