Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл турнирге үш қазақстандық клуб - "Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жар" қатысады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жеребе қорытындысы бойынша "Астана" Польшаның "Ракув" командасымен, алматылық "Қайрат" Венгрияның намысын қорғайтын "Кишварда" командасымен кездеседі.
Ал "Қызыл-Жар" хорватиялық "Осиекпен" матч өткізеді.
Екінші іріктеу кезеңдерінің ойындары 21 және 28 шілде күндері өтеді.
Айта кетейік, өткен маусымда Конференция лигасының топтық кезеңінде алматылық "Қайрат" өнер көрсетті. Алайда оңтүстік астаналық ұжым келесі айналымға шыға алмады.
Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда "Тобылдың" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Ол Венгрияның ең үздік ұжымы - "Ференцварош".
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1974267-uefa-konferenciya-ligasy-qazaqstandyq-klubtardyn-qarsylastary-belgili-boldy/