Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Допинг дауына ілінген тағы бір қазақстандық ойыншы үш жылға футболдан шеттетілді

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан құрамасы
Айбол Әбікен ортада. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының және "Ақсу" футбол клубының ойыншысы Айбол Әбікен допингке байланысты үш жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, Айбол Әбікеннің Ұлттар Лигасы аясында Молдовамен өтетін матч алдында тапсырған допинг тесті де, кейінірек тапсырған B тесті де оң нәтиже көрсеткен.

Осылайша, футболшы алдағы үш жылда ресми ойындарда өнер көрсету құқығынан айырылып отыр.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының допингке байланысты футболдан шеттетілген үшінші ойыншысы. Алдымен 2019 жылы 2 жылға Бауыржан Исламхан, ал 2021 жылы Руслан Валиуллин шеттетілген болатын.

Ал Айбол Әбікен "Қайратта" 2016 жылдан бастап өнер көрсетеді. Ол биыл "Ақсу" футбол клубына жалға берілген. Қазақстан Премьер-Лигасының-2022 маусымында 26 жастағы футболшы жеті матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Әбікен 2019 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1975398-doping-dauyna-ilingen-qazaqstandyq-oiynsy-us-zylga-futboldan-settetildi/