jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    УЕФА Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды

    спорт
    Көрнекі фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлердің тәртіпсіздігіне байланысты УЕФА-ға айыппұл төлейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап.

    Федерация мәліметінше, УЕФА Ұлттар лигасының аясында өткен Қазақстан - Словакия ойынында отандық жанкүйерлер ҚФФ тарапынан қоғамдық тәртіп пен жарыс ережелерін сақтауға қатысты айтқан үндеулерге қарамастан трибунадан жасыл алаңға әртүрлі заттар лақтырған.

    Бұл әркеттертің матч делегатының есебіне тіркеліп, УЕФА тәртіптік-бақылау және әдеп инстациясының жиынында қаралғаны белгілі болды.

    Нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясына 11 625 еуро айыппұл салынған.

    "Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлік мәдениетті танытып, ойынға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды, сонымен қатар стадиондағы өзге де жанкүйерлерді құрметтеуге шақырады. Жоғарыда аталған санкция Федерацияға қатысты осы маусымда екінші рет қолданылып отыр. Егер мұндай жағдайлар жалғасатын болса, онда УЕФА тарапынан жанкүйерлерді ойынға қатыстырмау туралы сынды қатаң жазалар қолданылуы ықтимал", - деді Қазақстан футбол федерациясы.

    УЕФА Қазақстан футбол федерациясына айыппұл салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.